Todayinfo.kz
NewsView all articles

АҚШ Мадуроны елден құпия алып кетті: «Absolyute Resolve» операциясы туралы не белгілі

АҚШ арнайы қызметі Мадуроны Венесуэладан құпия түрде алып кетіп, операция кезінде 40 адам жан тапсырған.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
АҚШ Мадуроны елден құпия алып кетті: «Absolyute Resolve» операциясы туралы не белгілі

АҚШ арнайы қызметі Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау үшін «Абсолют шешім» атты құпия операция жүргізгенін The New York Times басылымы хабарлады. Бұл операция кезінде Мадуро елден шығарылып, АҚШ аумағына жеткізілген.

Мұндай әрекет АҚШ тарапынан соңғы жылдардағы ең күрделі және тәуекелді операциялардың бірі саналады.

Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, операцияны ұйымдастыру бірнеше айға созылған. АҚШ-тың Венесуэлада ресми елшілігі болмағандықтан, ЦРУ агенттері елге жасырын жолмен енген. Олар дипломатиялық иммунитетсіз әрекет етіп, барлау мәліметтерін жинаған.

Мадуроның күнделікті өмірі қалай бақылауға алынды?

АҚШ әскери барлауының айтуынша, олардың қолында Мадуроның күнделікті қозғалыс маршруты, қайда түнейтіні, не жейтіні және тіпті қандай үй жануарлары бар екені туралы нақты ақпарат болған.

Арнайы операцияда Мадуроның жақын шеңберіндегі агент пен ұзақ уақыт бойы Каракас аспанында байқалмай ұшып жүрген дрондар пайдаланылған. Бұл дрондар президенттің қозғалысын бақылауға көмектескен.

Операция кезінде қарапайым халық қаншалықты зардап шекті?

Шабуылға дейін кибершабуыл ұйымдастырылып, соның салдарынан Каракстың көп бөлігінде жарық өшіп қалған. Бұл күтпеген әрекет арнайы бөлімдерге басып кіруге мүмкіндік берген.

Венесуэла билігінің хабарлауынша, шабуыл мен операция барысында 40-тан астам адам қаза тапқан, олардың ішінде әскерилер де, бейбіт тұрғындар да бар.

Бұл оқиға халықаралық саясатта жаңа даулы кезеңнің басталуына түрткі болуы мүмкін. Себебі мемлекет басшысын елден шығару – әлемдік деңгейдегі резонансты жағдай.

Related

АҚШ Мадуроны елден құпия алып кетті: «Absolyute Resolve» операциясы туралы не белгілі · Todayinfo