АҚШ пен Еуропада тыйым салынған таблеткалар Қазақстанда еркін сатылып жатыр – BBC зерттеуі
АҚШ пен Еуропада тыйым салынған салмақ тастауға арналған капсулалар Қазақстан мен Қырғызстан арқылы Ресейге жеткізілуде, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 2025 жылдың басында TikTok желісінде «Молекула» деп аталатын арықтататын таблеткалар желі қолданушылары арасында кең таралған еді.

АҚШ пен Еуропада тыйым салынған салмақ тастауға арналған капсулалар Қазақстан мен Қырғызстан арқылы Ресейге жеткізілуде, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
2025 жылдың басында TikTok желісінде «Молекула» деп аталатын арықтататын таблеткалар желі қолданушылары арасында кең таралған еді. Жасөспірім қыздар мен әйелдер бұл препараттың жылдам нәтижесін көрсететін видеолар жариялаған. Алайда кейін зертханалық сараптамалардан кейін капсулалардың құрамынан күшті әсер ететін сибутрамин анықталған.
Ресейде бірнеше оқушы улану белгілерімен ауруханаға түскеннен кейін таблетка маркетплейстерден алынып тасталды. Дегенмен BBC жүргізген зерттеуге сәйкес, препарат басқа атаулармен – «Атом», «Мета» деген брендтер арқылы қайта сатыла бастаған.
Қазақстанда өндірілетін нұсқалар да бар
BBC мәліметінше, қазіргі нарықтағы «Молекула» капсулаларының бір бөлігі Қазақстанда кофеин негізінде өндіріледі. Алайда кейбір сатушылар сибутрамин қосылған күштірек нұсқасын да ашық түрде ұсынуда.
Ресей кеден қызметі соңғы уақытта сибутрамин бар дәрілердің басым бөлігі Қазақстаннан жеткізілгенін анықтаған.
Ресми түрде мұндай өнімдердің құрамында сибутрамин көрсетілмеген, бірақ тәуелсіз сараптамалар оның бар екенін дәлелдеп отыр.
Дәрігерлер ескертеді
Мамандардың айтуынша, құрамы белгісіз биологиялық қоспаларды бақылаусыз сату – денсаулыққа өте қауіпті, себебі олардың нақты мөлшері мен әсері реттелмейді.
Related

News
Айгуль Забирова: «Выборы в Курултай станут началом работы новой, более адаптивной парламентской модели»
Жаннұр Еділбаева·

News
Аида Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

News
Осужденный по делу Салтанат Нукеновой брат Бишимбаева освобожден по амнистии
Жаннұр Еділбаева·

News
Заработал более 12 миллионов и сбежал: организатора подпольного казино вернули в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·