Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

АҚШ-тың жаңа ұсынысы: Донбасста «еркін экономикалық аймақ» құру мүмкін бе?

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Донбасс аймағына қатысты жаңа ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жоспар әділ деп саналуы үшін нақты қауіпсіздік кепілдіктері қажет. Ұсыныс Украина үшін аумақтық, саяси және қауіпсіздік тұрғысынан маңызды салдарға әкелуі мүмкін

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
АҚШ-тың жаңа ұсынысы: Донбасста «еркін экономикалық аймақ» құру мүмкін бе?

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Донбасс аймағына қатысты жаңа ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жоспар әділ деп саналуы үшін нақты қауіпсіздік кепілдіктері қажет.

Ұсыныс Украина үшін аумақтық, саяси және қауіпсіздік тұрғысынан маңызды салдарға әкелуі мүмкін.

Бұл туралы Todayinfo порталы The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленскийдің сөзінше, Вашингтон Украина әскерін Донбасс аумағынан шығарып, Киев қазір бақылап отырған бөліктерде «еркін экономикалық аймақ» немесе «демилитаризацияланған аймақ» құруды ұсынып отыр.

Алайда бұл аймақты кім басқаратыны және қауіпсіздікті кім қамтамасыз ететіні нақты көрсетілмеген. Президент дәл осы тұсты негізгі мәселе ретінде атады.

Зеленскийдің айтуынша, Украина тарапы Ресей әскерінің бұл аумаққа кейін еніп кетпейтініне нақты кепіл болмаса, мұндай ұсынысты әділ деп есептемейді.

«Егер бір тарап шегініп, екінші тарап орнында қалса, онда ресейлік күштерді не тоқтатады? Олар азаматтық киіммен кіріп кетпейтініне кім кепіл?» – деді ол.

Президент мұндай шешім Украина үшін өте маңызды екенін және асығыс қабылданбайтынын атап өтті.

Донбасс бойынша келісімге Украина келісе ме?

Зеленскийдің айтуынша, егер мұндай ымыраға бару мәселесі күн тәртібіне шықса, оны тек Украина халқы шешуі тиіс. Ол үшін сайлау немесе референдум қажет болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Украинада сайлау өткізу үшін алдымен атысты тоқтату керек екенін еске салды.

АҚШ жоспары мен келіссөздер қай сатыда?

Зеленский украин делегациясы АҚШ-қа өздерінің түзетілген ұсынысын жолдағанын айтты. Қазіргі таңда басты келіспеушіліктер аумақтық бақылау және Запорожье атом электр станциясына қатысты болып отыр.

Президент бұл соңғы нұсқа емес екенін, келіссөз процесі әлі де жалғасып жатқанын жеткізді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТЕКСТ

Еуропада да бұл жағдайға алаңдаушылық күшейіп отыр. НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейге жол беру Еуропада кең ауқымды соғыс қаупін арттырады деп ескертті.

Ал Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаға халық қабылдамайтын келісімді күштеп таңу қателік болатынын мәлімдеді.

Related

АҚШ-тың жаңа ұсынысы: Донбасста «еркін экономикалық аймақ» құру мүмкін бе? · Todayinfo