Todayinfo.kz
SocietyView all articles

Ақша жинай алмайтын адамның 6 әдеті

Адамдар қаржылық сауатылығын көтеруге мән бермейді.

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Ақша жинай алмайтын адамның 6 әдеті
📷 Freepik

Қазіргі кезде көп адам «ақша жетпейді» дейді. Бірақ мәселе әрдайым табыстың аздығында емес, адамдар қанша ақша тапса да, оны үнемдеп жұмсауды білмейді, деп жазады Todayinfo.kz.

Ақша жинауға кедергі болатын бірнеше күнделікті дағды бар. Ел тұрғындары мән беріп, мойындағысы келмейтін, бірақ үнемі қаржылық қиындыққа тап болып, ойлаған ірі дүниелеріне қол жеткізе алмай жүретін адамдар тым көр. Оның басты себебі - қаржылық сауаттылықтың тым төмендігі.

Бірінші әдет — жоспарсыз ақша жұмсау. Көп адам нақты неге қанша ақша кететінін бақыламайды. Картадан төлем жасау оңай болған сайын, шығын да байқалмай көбейеді. Әсіресе күнделікті ұсақ шығындар ай соңында үлкен сомаға айналады.

Екінші әдет — эмоциямен сатып алу. Кей адамдар көңіл-күйі түскенде немесе шаршағанда өздерін сатып алумен жұбатады. Бір қарағанда бұл үлкен мәселе сияқты көрінбейді. Бірақ эмоцияға байланысты жасалған шығын көбіне қажетсіз болады.

Үшінші әдет — өзгеге көріну үшін өмір сүру. Кейде адам өз жағдайына емес, айналасындағы адамдарға қарап шығындалады. Қымбат телефон, бренд киім немесе кредитке алынған заттар уақытша әсер қалдыруы мүмкін. Бірақ оның артында қаржылық қысым тұрады.

Төртінші әдет — «кейін жинаймын» деген ой. Көп адам ақша көбейген кезде ғана жинай бастаймын деп ойлайды. Шын мәнінде жинақ үлкен табыстан емес, тұрақты әдеттен және аз ақшадан басталады.

Бесінші әдет — қаржылық тәртіптің болмауы. Ақша жинау үшін міндетті түрде экономист болу қажет емес. Бірақ адам өз табысы мен шығынын түсінуі керек. Қарапайым бақылау мен тәртіптің өзі қаржылық жағдайды өзгерте алады. Ақша жинау тек көп табысқа байланысты емес. Кей жағдайда мәселе адамның күнделікті әдетінде жатады. Қаржылық тұрақтылық көбіне үлкен мүмкіндіктен емес, ұсақ тәртіптен басталады.

Алтыншы әдет — адамдар жыльтырақ жарнамаға сенгіш, қызығып, зат құнының байыбына бармай, ақшаны жұмсай береді және оны мақтан көреді. Нақты ой, жоспар елегінен өткізілмей жұмсалған ақша өзгенің табысын арттырып, өзіңді тығырыққа тірейді.

Related

Ақша жинай алмайтын адамның 6 әдеті · Todayinfo