Ақтаудағы ұшақ апаты: қазақ көріпкелі таңғажайып жағдайға себепкер болды
Көріпкел Айгүл Бердіғалиева Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден тапқан сырға кімге тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Айгүл Бердіғалиева сырғаны қайғылы оқиға орнынан тапқа

Көріпкел Айгүл Бердіғалиева Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден тапқан сырға кімге тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Айгүл Бердіғалиева сырғаны қайғылы оқиға орнынан тапқанын және оны қайтыс болған адамның туыстарына бергісі келетінін айтқан еді.
Кейіннен тергеу аясында табылған зергерлік бұйымдарды полицейлер тәркіледі.
Әзербайжанның 1news.az ақпарат агенттігі Бердіғалиеваға хабарласып, сырғаның иесі болуы мүмкін адамды іздеп тапқанын айтқан, зергерлік бұйымның қазіргі уақытта Бакуде комада жатқан Халаева Хафисат Гусейн қызына тиесілі.
Х. Халаеваның жолдасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұрын жоғалған бұйымдардың бір бөлігін тапсырғанын айтты.
Сондай-ақ, жәбірленушінің жұбайы редакцияға толық жиынтықтың суретін ұсынды. Осылайша, қазақстандық көріпкел Баку ауруханасында жатқан науқастың сырғасын тауып берді. Хафисат Халаева ұшақ апатынан кейін комада жатқан. Жақын күндері ол есін жиыпты.
Халаева авар ұлтынан, Әзербайжанның Балакен ауданында тұрады.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, аман қалған 29 адам ауруханаға жеткізілді.
Ресми мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар арасында Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстанның 3 азаматы, Ресейдің 16 азаматы, Қазақстанның 6 азаматы болған.
Related

Society
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Society
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Society
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Society
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·