Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған бортсерік жұмысына оралды

Фото: media.az Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатынан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли араға бір жыл салып өз жұмысына қайта оралды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы  жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. AZAL әуе компаниясының әлеуметтік желідегі  ресми аккаун

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған бортсерік жұмысына оралды
Фото: media.az Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатынан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли араға бір жыл салып өз жұмысына қайта оралды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы жергілікті БАҚ-қасілтеме жасап. AZAL әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында тиісті ақпарат пайда болды.
«Кейде сөздер арқылы бәрін жеткізу мүмкін емес, бірақ өмір жалғасып жатыр. J2-8243 Баку-Грозный рейсі Айдан Рагимлидің есінде жатталып қалатын сәт болды. Бүгінде ол бастан өткергенін санасында сақтап, өмірдің жалғасатынын түсініп отыр. Ол өз жұмысын кәсібилікпен әрі жауапкершілікпен атқарады», – деп жазылған бейнероликте.
Апат кезінде аман қалған бортсерік Айдан Рагимли Әзербайжанның ең жоғары мемлекеттік наградасының бірі  – бірінші дәрежелі «Рашадат» орденімен марапатталған болатын. Өткен жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында AZAL компаниясының Бакудан Грозныйға ұшып шыққан рейсі апатқа ұшырады. Әуе бортында 67 адам болған, оның ішінде бесеуі – экипаж мүшесі. Қайғылы оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды. Айта кету керек, бұған дейін Ақтау маңында AZAL ұшағы апатынан қаза тапқандарға ескерткіш қойылғанын жазғанбыз.

Related

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған бортсерік жұмысына оралды · Todayinfo