Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақтөбе әкімдігінің ғимараты отқа оранды

Ақтөбе қаласында әкімдік ғимаратында өрт шықты. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Куәгерлер таратқан видеоларда әкімшілік ғимарат маңынан қою түтін мен жалын көрінетіні байқалады. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында о

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Ақтөбе әкімдігінің ғимараты отқа оранды
Ақтөбе қаласында әкімдік ғимаратында өрт шықты. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Куәгерлер таратқан видеоларда әкімшілік ғимарат маңынан қою түтін мен жалын көрінетіні байқалады. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіруде. Оқиға орнына ТЖД күштері мен техникасы жедел жеткен. Өртті сөндіру үшін бірден су беру желілері іске қосылып, жалынды толық ауыздықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Су үздіксіз жеткізілуде. Сондай-ақ ғимарат ішіндегі адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылған. Қазіргі уақытта 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Фото: скрин

Related

Ақтөбе әкімдігінің ғимараты отқа оранды · Todayinfo