Ақтөбе облысында тағы 5 кентті су басу қаупі бар
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерінде су басу қаупі бар. «Қазіргі уақытта Мамыр ауылында егу іс-шараларын өткізу кезінде ұзындығы 3 км, ені 4,5 м және биіктігі 2,5 м бөгет, Жайсанбай ауылында ұзындығы 3 км, ені 5 м және биіктігі 2,

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерінде су басу қаупі бар.
«Қазіргі уақытта Мамыр ауылында егу іс-шараларын өткізу кезінде ұзындығы 3 км, ені 4,5 м және биіктігі 2,5 м бөгет, Жайсанбай ауылында ұзындығы 3 км, ені 5 м және биіктігі 2,7 м бөгет салынды, Нұра ауылында ұзындығы 5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет нығайтылды.
Құйлыс ауылында ұзындығы 2,5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет, Белшер ауылында ұзындығы 1,5 км, ені 3,5 м және биіктігі 3 м бөгет тұрғызылды, жұмыстар жалғасуда», - деді Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Әсет Айтжанов ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл, Әйтеке би, Ырғыз аудандарында және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы 7 табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·