Ақтөбе облысының азық-түлік тұрақтандыру қорына 4,5 миллиард теңге бөлінді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбеліктерді күзгі-қысқы және көктемгі маусымдарда қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін облыстық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Toda

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбеліктерді күзгі-қысқы және көктемгі маусымдарда қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін облыстық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
“Ақтөбе” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен келісімшарттар жасап, қажетті өнім көлемін толық қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына мынадай көлемде өнім жиналды:
картоп — 9 024 тонна (100%);
сәбіз — 2 078 тонна (100%);
пияз — 1 477 тонна (102%);
қырыққабат — 2 169 тонна (100%).
Барлық өнім қоймаларға жөнелтілмес бұрын сұрыпталып, ұзақ мерзімді сақтауға дайындалады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сапасы мен бағасының тұрақтылығына ауыл шаруашылығы өндірушілері жауапты, ал қордың қалыптасуы мен жұмысына бақылау жүргізу «Ақтөбе» ӘКК-нің міндеті болып табылады.
Бұл шаралар маусымаралық кезеңде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Related

Aktobe Region
Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды
Жаннұр Еділбаева·

Aktobe Region
«TURGYNDAR AMANATY»: в Актобе обсудили системные проблемы ЖКХ
Жаннұр Еділбаева·

Aktobe Region
«TURGYNDAR AMANATY»: Ақтөбеде тұрғын үй-коммуналдық саладағы түйткілдер ашық талқыланды
Жаннұр Еділбаева·

Aktobe Region
Ақтөбеде қазақы тазының үздік өкілдері тұқымдық байқауда бағаланды
Айғаным Нариманова·