Ақтөбе қаласында 2025 жылы кіші архитектуралық формаларға (МАФ) бөлінген қаржы көлемі бұрын-соңды болмаған рекордтық межеге жетті. Бұған дейін жыл сайын орта есеппен 100 миллион теңге бөлініп келсе, алдағы жылы бұл көрсеткіш 331 миллион теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
МАФ-тарды дайындау, орнату және күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын қалалық мәслихат депутаты әрі “Қайсар Relations” ЖШС-нің негізін қалаушы Қайырбек Таханов жеңіп алды. Айта кету керек, ол бұл бағыттағы жобаларды бұған дейін де бірнеше мәрте ұтып алған. Жобаның ауқымы кең. 207 миллион теңге көлеміндегі қаржыға келесідей жұмыстар атқарылмақ:- 200-ден астам композиттік мәрмәрдан жасалған орындықтар мен қоқыс жәшіктері,
- арт-отырғыштар,
- жарықтандырылған инсталляциялар: шеңберлер, цилиндрлер және бұлт пішіндес нысандар.
Бұл нысандар негізінен қаланың орталық саябақтары мен демалыс аймақтарында орнатылатын болады.
Қосымша 62 миллион теңгеге:- Ақшат, Ақжар және Қарғалы тұрғын үй алаптарының атауы жазылған стелалар,
- Теміржол вокзалы маңында арнайы фотоаймақ орнатылмақ.
Бұл фотоаймаққа арка, орындық, алманың мүсіні мен қарлығаш пішінді элементтер кіреді.
Тағы бір 62 миллион теңге көлеміндегі қаржыға “Қайсар Relations” компаниясы жыл соңына дейін:- Қаладағы барлық ескерткіштер, стелалар мен МАФ-тарды күнделікті аралап шығуға,
- қажетіне қарай жууға, балауызбен өңдеуге,
- ақау табылған жағдайда жедел жөндеу жүргізуге міндеттелген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram




