Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адам өндіріс орнында көз жұмған

Биыл 5 айда өндірісте барлығы 31 жазатайым оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапқан. Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы биыл бірінші тоқсанда 100-ден астам тексеру өткізді. Нәтижесінде 45 жұмыс берушіге ұсыныс беріліп, 10,5 млн теңге айыппұл салынды. - Бес айда 31 ж

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адам өндіріс орнында көз жұмған
Биыл 5 айда өндірісте барлығы 31 жазатайым оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапқан.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы биыл бірінші тоқсанда 100-ден астам тексеру өткізді. Нәтижесінде 45 жұмыс берушіге ұсыныс беріліп, 10,5 млн теңге айыппұл салынды.

- Бес айда 31 жағдай тіркеліп, төртеуі өліммен аяқталды. Соған байланысты арнайы тексеру жүрізіліп, полицияға 30-дан астам материал жолданды. Мұндай жағдай көбіне тау-кен, мұнай өндіру саласында тіркеледі. Дегенмен былтырғыға қарағанда жазатайым оқиға азайды, - деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Әлімов.

Айта кетейік, былтыр 80 адам өндірістік жарақат алды. Онда 13 адам көз жұмды.

 

Related

Ақтөбеде жыл басынан бері 4 адам өндіріс орнында көз жұмған · Todayinfo