Армения Украина мәселесінде Ресейдің одақтасы емес – Пашинян
Премьер бұл бағыт Украинадағы жағдайға да қолданылуы керектігін атап өтті. Пашинян Армения Украинаға қатысты мәселелерде Ресейдің одақтасы емес деген бұрынғы ұстанымын растап, Армения бұл жағдайға әсер ете алмайтынына өкініш білдірген. Ол сондай-ақ, Украина халқымен достық қарым-

Премьер бұл бағыт Украинадағы жағдайға да қолданылуы керектігін атап өтті. Пашинян Армения Украинаға қатысты мәселелерде Ресейдің одақтасы емес деген бұрынғы ұстанымын растап, Армения бұл жағдайға әсер ете алмайтынына өкініш білдірген. Ол сондай-ақ, Украина халқымен достық қарым-қатынаста екенін атап өтті.
Ресей мен Армения арасындағы қарым-қатынас барған сайын шиеленісті сипатқа ие болып барады. Ереван ауық-ауық Мәскеуді сенімсіз одақтас деп санайтынын мәлімдеп, Батыспен қарым-қатынасын күшейтіп жатыр.
19-20 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақ аумағын өз бақылауына алып, Конституциялық құрылысты қалпына келтіру мақсатында жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларды сәтті өткізген. Содан кейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2020 жылдың қарашасынан бастап Таулы Қарабақта болған "Ресей бітімгерлерінің сәтсіздігі" туралы мәлімдеді.
28 қыркүйекте Таулы Қарабақ басшысы танылмаған республиканың өмір сүруін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Екі апта ішінде Таулы Қарабақтан 100 мыңға жуық армян көшіп кетті.
Дереккөз: ulysmedia.kz
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·