«Артында жұбайы мен 5 баласы қалды»: Ақтауда адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан ер адамның отбасына баспана берілді
Ақтауда Каспий теңізінде адамдарды құтқару кезінде суға батып кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына баспана берілді, деп хабарлайды todayinfo.kz Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, марқұмның отбасына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталған. Қайғылы оқиға 26 шілде к

Ақтауда Каспий теңізінде адамдарды құтқару кезінде суға батып кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына баспана берілді, деп хабарлайды todayinfo.kz
Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, марқұмның отбасына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталған.
Қайғылы оқиға 26 шілде күні Каспий теңізінің жағалауында болған еді. Ерлан Шонтабаев суға шомылуға тыйым салынған аумақта теңізге ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалған. Үшінші ер адамды құтқармақ болып көмекке ұмтылғанда қатты толқындарға байланысты өзі судан шыға алмай қалған.
6 тамыз күні марқұмның туыстарына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Баспана құрылыс компаниясының қолдауымен берілген.
Фото: lada.kz, mangystau.news
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·