Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Ару Айсұлу»: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың сүйіктісі қазақ қызы болып шықты

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеке өміріне қызығушылық артты, әсіресе оның сүйіктісі қазір ел назарында, деп хабарлайды Todayinfo . Taby.nu жазғандай, Михаилдың жүрегін жаулаған ару Айсұлу Мырзағалиева да спорт саласын таңдаған. Ол көркем гимнастикада

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Ару Айсұлу»: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың сүйіктісі қазақ қызы болып шықты
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеке өміріне қызығушылық артты, әсіресе оның сүйіктісі қазір ел назарында, деп хабарлайды Todayinfo. Taby.nu жазғандай, Михаилдың жүрегін жаулаған ару Айсұлу Мырзағалиева да спорт саласын таңдаған. Ол көркем гимнастикадан Азия чемпионы және Қазақстан құрамасының танымал спортшысы. Ресейдің Сочи қаласында дүниеге келген Айсұлу тоғыз жасынан бастап гимнастикамен шұғылданып, жасөспірім кезінде ресейлік турнирлерде жүлделер жеңіп алған. 2015 жылы Айсұлу Алматыға келіп, қала біріншілігінде жеңіске жетті. Сол жарыста оның шеберлігін қазақстандық бапкерлер байқап, Қазақстан атынан өнер көрсетуге шақырды. Сол шешіммен ол Астанаға қоныс аударып, «Жұлдыз» спорт мектебінде жаттыға бастады. Кейін Әлем кубогының бір күміс, төрт қола медалін, сондай-ақ Азия чемпионатында алтын медальді иеленді. Олимпиададағы тарихи жеңістен кейін Айсұлу Мырзағалиева Михаилды алғашқылардың бірі болып құттықтады. Фото: Associated Press

Related

«Ару Айсұлу»: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың сүйіктісі қазақ қызы болып шықты · Todayinfo