Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Арымның алдында өліп қалғанмын..»: ақын Танакөз Толқынқызы қазақ халқынан тізерлеп тұрып кешірім сұрады

Кеше қазақтар туралы ауыр сөз айтып, желіні шулатқан ақын Танакөз Толқынқызы бүгін халықтан кешірім сұрады. «Мен түнде тұншығамын! Маған ауа жетпейді. Өзімнің арым өзімді буындыруда. Мен қазақ халқынан тізерлеп отырып кешірім сұраймын! Мен бүгін өзімнің өлген арымды аза тұтамын!

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Арымның алдында өліп қалғанмын..»: ақын Танакөз Толқынқызы қазақ халқынан тізерлеп тұрып кешірім сұрады

Кеше қазақтар туралы ауыр сөз айтып, желіні шулатқан ақын Танакөз Толқынқызы бүгін халықтан кешірім сұрады.

«Мен түнде тұншығамын! Маған ауа жетпейді. Өзімнің арым өзімді буындыруда.

Мен қазақ халқынан тізерлеп отырып кешірім сұраймын! Мен бүгін өзімнің өлген арымды аза тұтамын!

«Алашорда арыстарының» бізге аманаттаған миссиясын біз орындай алмадық! «Әр қазақ - менің  жалғызым!» дедік. Бірақ сол «жалғызымыз»  Жаңаөзенде атылып жатқанда алаңға барып жан бере алмадық. Жалғыздың жолында өле алмадық. «Жер мәселесі - қазақтың  тірі , я өлу болу мәселесі!» -деді Ахмет Байтұрсынұлы. Біз үнсіз қалу арқылы тағы да жанымызды саттық. Ол тірі жүрген жанда енді не қадір, не қасиет бар?

Билікке айтқан сөзіміз құлдың айтқан сөзіндей қадірсіз, салмағы жоқ, жетім болды.

Ана тілімізді ата заңымызбен буындырдық! Алатайдай алауыз, даукес, сөзі көп те ісі жоқ бізді кешіріңдер! Біз өлімнен қорықтық!

Біз «Алашорда» арыстарындай ұлт үшін отбасымызды құрбандыққа шалып, құн төлей алмадық!

Енді сол өлердей қорыққан өлім әрқайсымыздың есігімізді қағып жүр!

Билікке айтылған әрбір лағнет пен қарғыс маған келе жатқандай ұйықтай алмаймын! Әрбір тұншыққан қазақтың дауысы мені ұйықтатпайды.

Өлген рухымды аза тұтамын! Көтере алмаған басымды аза тұтамын!

Әрбір өлген қазақтың сұрауы бізден болатынын миымның әрбір талшығымен сезінемін! Кешіріңдер бізді! Қан сасыған қазақ даласында қазақ халқының тек елесі ғана жүр!

Билікке ол көрінбейді, дауысы естілмейді. Оның салмағы жоқ.

Бір-бір төмпешікке айналған қазағым! «Жалғызым»! Сені өлді дейді ғой! Мен сенен де бұрын өліп қалғанмын! Мен бүгін өлген интеллегенцияны аза тұтамын!»,- деп жазды ол.

Фото: Facebook

Related

«Арымның алдында өліп қалғанмын..»: ақын Танакөз Толқынқызы қазақ халқынан тізерлеп тұрып кешірім сұрады · Todayinfo