Арыста жалдамалы жендеттікпен айналысқан бір әулеттің 5 адамы ұзақ мерзімге сотталды
Түркістан облысында бір әулеттің 5 адамы бірдей ауыр жаза арқалады. Екі адамды атып өлтірді деген күдікке іліккендердің екеуіне 20 жыл, қалған үшеуіне 25 жыл жаза кесілді, деп хабарлады Todayinfo агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. Қанды қылмыс былтыр тамыз ай

Түркістан облысында бір әулеттің 5 адамы бірдей ауыр жаза арқалады. Екі адамды атып өлтірді деген күдікке іліккендердің екеуіне 20 жыл, қалған үшеуіне 25 жыл жаза кесілді, деп хабарлады Todayinfo агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қанды қылмыс былтыр тамыз айында Арыс қаласында болған. Жер үйдің ауласында демалып отырған жігіттерді бетін тұмшалаған екі жендет қарумен атып кеткен. Оқиға орнында бокстан бұрынғы облыс чемпионы, «Черный Алмас» лақап атымен танымал Алмас Жолдасов пен 23 жасар Жандаулет Қабылов көз жұмды. Жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың бірі полиция қызметкері екен.
Көп ұзамай 53 және 25 жастағы жалдамалы жендеттер ұсталды. Олар тіпті адам өлтіруге тапсырысты кім бергенін де айтып берген. «Черный Алмас» сотталушылардың туысын өлтірген екен. Кек қайтару үшін жиналған бір әулеттің жігіттері екі туысын дайындап, қаруына дейін сайлап берген.
Кісі өлтірген ағайындылардың екеуі 20 жылға, ал 24, 26 және 20 жастағы қылмысты ұйымдастырушылар 25 жылға сотталды.
Related

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·