Арыстық волейболшылар "Ұлттық мектеп лигасында" жүлдегер атанды
Арыстық волейболшылар "Ұлттық мектеп лигасында" жүлдегер атанды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіндегі Ж.Тәшенов атындағы мектептің оқушылары волейболдан өткен республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» күміс жүлдеге ие болып, өңір а

Арыстық волейболшылар "Ұлттық мектеп лигасында" жүлдегер атанды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіндегі Ж.Тәшенов атындағы мектептің оқушылары волейболдан өткен республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» күміс жүлдеге ие болып, өңір абыройын асқақтатты.
Алдымен қалалық іріктеуде қарсыластарынан басым түсіп, облыстық кезеңге жолдама алған арыстықтар барлық аудандар мен қалалардың мықты командаларын жеңіп, республикалық додаға жолдама алған болатын. 12-19 мамыр күндері аралығында Астана қаласында өткен сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген жеңімпаз командалар бас қосты. Тартысты додада жастар қарсылас шақ келтірмей, ақтық сынға дейін жетті. Финалда Жамбыл облысының командасынан аз ғана ұпай айырмасымен қарсыласына есе жіберді.
Қала тұрғындары жүлдегер команданы Арыс теміржол вокзалынан салтанатты түрде қарсы алып, қошемет көрсетті. Оқушылар мен жаттықтырушыны ұстаздар, ата-аналар, ауылдастары зор қуанышпен күтіп алды.
Related

Turkestan Region
Түркістанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Специалисты призвали соблюдать меры безопасности во время купального сезона в Туркестанской области
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Түркістан облысында мамандар шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Жаннұр Еділбаева·

Turkestan Region
Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды
Жаннұр Еділбаева·