Todayinfo.kz
NewsView all articles

Асанәлі Әшімовтің 3-некесінен туған қызы алғаш рет жан сырын ақтарды

Қазақ киносының абызы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің өмірден өтуі күллі елді есеңгіретіп кетті. Халық қаһарманының қазасынан кейін оның үшінші некесінен туған қызы Сағина көпшілік біле бермейтін сезімдерімен бөлісті. Ұлы суреткердің шаңырағындағы қайғыға о

By Мұхтар Жексенбай··2 min read
Асанәлі Әшімовтің 3-некесінен туған қызы алғаш рет жан сырын ақтарды
Қазақ киносының абызы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің өмірден өтуі күллі елді есеңгіретіп кетті. Халық қаһарманының қазасынан кейін оның үшінші некесінен туған қызы Сағина көпшілік біле бермейтін сезімдерімен бөлісті. Ұлы суреткердің шаңырағындағы қайғыға ортақтасқан халық, марқұмның отбасылық өміріндегі сирек айтылатын жайттарға да назар аударды. Желідегі парақшасында Сағина Әшімова әкесіне деген шексіз сағынышын жазып, оқырмандардың жүрегін елжіретті. "Сағыныш үнсіз, бірақ ауыр"Сағина – актердің үшінші жары Маржаннан туған перзенті. Әкесінен айырылған қыз өз жазбасында ішкі күйзелісін жасыра алмады.
"Әкем… Жүрегімнің ішінде жүрегі. Сізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр тиеді. Амал дәптеріңіз әрдайым ашық болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз", — деп жазды ол Instagram парақшасында.
Сағинаның бұл сөздері әке мен бала арасындағы үзілмес байланысты тағы бір мәрте дәлелдегендей болды. Ажырасу және әкеге деген қызғанышБелгілі болғандай, Сағинаның ата-анасы ол небәрі бір жарым жаста болғанда екіге айырылысқан. Алайда, Асанәлі Әшімов қызымен байланысын ешқашан үзген емес. Бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде актердің соңғы жары Бағдат Әшімова Сағинамен қарым-қатынасы қалай қалыптасқанын ашық айтқан болатын. Оның сөзінше, қазіргі таңда 21 жасқа толған Сағина – өте сұлу әрі ақылды бойжеткен.
Дегенмен, өтпелі кезеңде отбасында түсініспеушіліктер де болған көрінеді. "Үш-төрт жасынан бастап оны демалыс күндері өзімізге алып тұратынбыз, жазғы демалыста да қасымызда болды. Рас, жасөспірім шақта онымен ортақ тіл табу маған қиындау соқты: бір-бірімізді түсіне алмадық, ол мені әкесіне қызғанатын", — деп еске алған еді Бағдат Әшімова.
Бұл естеліктер ұлы тұлғаның тек сахнада ғана емес, өмірде де күрделі әрі қызықты тағдыр иесі болғанын көрсетеді.

Related

Асанәлі Әшімовтің 3-некесінен туған қызы алғаш рет жан сырын ақтарды · Todayinfo