Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Асар Үме» қоры Перизат Қайрат ісінде жәбірленуші болып танылды

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі басшысының қаржы жымқыру ісі қоғамда кеңінен талқылануда. Бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болып, қайырымдылыққа деген сенімді әлсіретті,деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.  «Біз сенгіміз келмейтін

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Асар Үме» қоры Перизат Қайрат ісінде жәбірленуші болып танылды
«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі басшысының қаржы жымқыру ісі қоғамда кеңінен талқылануда. Бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болып, қайырымдылыққа деген сенімді әлсіретті,деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
 «Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналды», – деп хабарлады «Асар Үме» қоры.
Бұл жағдай қайырымдылықпен айналысатын барлық адамдарға әсерін тигізді. «Асар Үме» қоры жәбірленуші деп танылды Тергеу нәтижесінде «Асар Үме» қоры ресми түрде жәбірленуші тарап ретінде танылды.
 «Істің мән-жайын толық жариялай алмаймыз, бірақ әділдік орнайтыны сөзсіз – кінәлілер заң алдында жауап береді», – деп мәлімдеді ұйым өкілдері.
Бұл оқиға қоғамда қайырымдылық саласындағы ашықтық пен бақылауды күшейту қажеттігін тағы бір рет көрсетті.      

Related

«Асар Үме» қоры Перизат Қайрат ісінде жәбірленуші болып танылды · Todayinfo