Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Аш қасқырдай қанға тоймай, сабыр бере гөр..»: Дана Нұржігіт өмірден түңіліп жүргенін жазды

Танымал журналист Дана Нұржігіт әлемде болып жатқан әлем элитасының әрекеттеріне қатысты пікір білдіріп, ішкі наразылығын айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. "Адамзат санасына сыймайтын, құндылық атаулының күл паршасын шығарған жабайы “әлем элитасының” м

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Аш қасқырдай қанға тоймай, сабыр бере гөр..»:  Дана Нұржігіт өмірден түңіліп жүргенін жазды
Танымал журналист Дана Нұржігіт әлемде болып жатқан әлем элитасының әрекеттеріне қатысты пікір білдіріп, ішкі наразылығын айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
"Адамзат санасына сыймайтын, құндылық атаулының күл паршасын шығарған жабайы “әлем элитасының” мына тірлігіне қарап отырып, мұндай “өркениетіңе”түкіргенім бар дегің келеді! Жиіркенемін! Еркегі таққа жетіп қораға түскен аш қасқырша қой жарғандай қанға тойып ап, көзі қанталап тоқтайтын емес. Әйелдің көшбасшы болғанының түрі анау! Әлем ұлттары мәртебе санайтын биік мінберді қорлап отыр. Екі сөздің басын әрең қосып… Әлемді дүр сілкіндіріп жатқан “атақты”файлдар ісі бойынша тергеу шексіз байлық пен биліктің қандай жетесіздікке,арсыздыққа апаратынын көрсетті. Оқымаған қараңғылар дейін десең, тауыспаған білімі жоқ. Сонда ғалымнан залым шығу білімнен емес, жүректен болып тұр ғой! Иман мен ынсап білмейтін қуыс кеудеден ғой… Сабыр бере гөр…", - деп жазды журналист.

Related

«Аш қасқырдай қанға тоймай, сабыр бере гөр..»: Дана Нұржігіт өмірден түңіліп жүргенін жазды · Todayinfo