Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 23 ақпанда болған.
Кейін бұл рейс сағат 17.10-ға ауыстырылды."Астана – Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде ұшақтың жоғарғы багаж бөлігінде жолаушының рюкзагы өртенді. Өртті авиакомпанияның борт серіктері тез сөндірді. Бортта 182 жолаушы болған. Ұшақ ұшу пунктіне оралды. Қону штаттық режимде орындалды. Жағдай туралы қосымша ақпарат барлық жағдайлар анықталғаннан кейін беріледі", – делінген хабарламада.
“Барлық жолаушылар тегін қайта брондауға немесе ақшаны қайтаруға құқылы”, – деп мәлімдеді компания.




