Астана әуежайында жолаушы ұшақтан секіріп кетпек болды
Фото: istockphoto.com Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның ұшақ қызметкерлері мен жолаушылар тарапынан қоршалғаны байқалады,деп хабарлайды Todayinfo. Куәгерлердің айтуынша, жолаушы өзін жайсыз сезініп, әуе кемесінің алдыңғы жағына өткен. Кейіннен ол ұшақ ұшуға дайын

Фото: istockphoto.com
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның ұшақ қызметкерлері мен жолаушылар тарапынан қоршалғаны байқалады,деп хабарлайды Todayinfo.
Куәгерлердің айтуынша, жолаушы өзін жайсыз сезініп, әуе кемесінің алдыңғы жағына өткен. Кейіннен ол ұшақ ұшуға дайындалып жатқанын біле тұра, есікті ашуға әрекеттенген. Алайда борт қызметкерлері мен жолаушылар оны тоқтатып үлгерген.
🔹 Желі қолданушыларының пікірі:
✔️ «Фобиясы бар шығар. Тектен-текке олай жасамайды ғой»
✔️ «Ұшақтың есігін ашып жіберсе, миллиондаған айыппұл төлейтін еді»
✔️ «Паникалық шабуыл кезінде адам бірден жақсарып кете алмайды»
Қазіргі уақытта әуе компаниясы бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·