Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астана әкімдігі жетімдердің баспана кезегіне тұруына кедергі жасалған

Астанада жетім балалардың баспана кезегіне тұруына негізсіз бас тартылған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  Қала прокуратурасының мәліметінше, уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, 14 жасқа толмаған балаларда тіркеудің болмауына, сон

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астана әкімдігі жетімдердің баспана кезегіне тұруына кедергі жасалған
Астанада жетім балалардың баспана кезегіне тұруына негізсіз бас тартылған, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  Қала прокуратурасының мәліметінше, уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, 14 жасқа толмаған балаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршылардың атына тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан. Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.  

Related

Астана әкімдігі жетімдердің баспана кезегіне тұруына кедергі жасалған · Todayinfo