Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астана LRT жобасына биыл 300 млрд теңгеден артық қаржы жұмсалды

Астанадағы LRT құрылысы 2025 жылы бюджет шығыстарының үштен біріне жетті.

By Мұхтар Жексенбай··2 min read
Астана LRT жобасына биыл 300 млрд теңгеден артық қаржы жұмсалды
Ресми мәліметке сәйкес, елордадағы LRT құрылысын қаржыландыру көлемі 2025 жылдың 11 айында 329,6 млрд теңгеге жетіп, жылдық жоспардың 99,2%-ын құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Қаржы түгелдей Ұлттық қордан мақсатты трансферт ретінде бөлінген. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Салыстыра кетсек, көлік және коммуникация саласындағы жалпы шығынның үштен бірі осы LRT-ға бағытталған. Мәселен, биыл автожолдарға 258,5 млрд теңге, ал Алматы метросына 25,6 млрд теңге бөлінген.

Неліктен LRT шығындары бірден артты?

2023 жылы бұл жобаға 52,4 млрд теңге жұмсалса, 2024 жылы 28,4 млрд теңге ғана бөлінген. Ал 2025 жылы күрт өсіп, 329,6 млрд теңгеге жетті. Бұл құрылыс жұмыстарының белсенді кезеңге өткенімен байланысты болуы мүмкін. LRT жобасы 2017 жылы Қытай Даму банкінің 1,5 млрд долларлық несиесімен басталған. Алайда 2018 жылы «Астана Банкі» лицензиясынан айырылып, қаржыландыру тоқтады. Кейін, 2019 жылы, жемқорлықпен байланысты жанжал шығып, құрылыс толықтай тоқтады. Ол кезде небәрі 15% жұмыс атқарылған болатын. Кейін жобада 5,8 млрд теңге көлеміндегі қаржылық залал анықталып, қытайлық несие уақытынан бұрын өтелген еді. 2023 жылдан бастап құрылыс тек республикалық бюджет есебінен қайта қолға алынды.

LRT қашан іске қосылады?

Қазір жобаны сынақ режимінде іске қосу 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Ал толық пайдалануға 2026 жылы берілуі тиіс.

Related

Астана LRT жобасына биыл 300 млрд теңгеден артық қаржы жұмсалды · Todayinfo