Елордадан Қостанайға жолаушы апара жатқан жүргізуші сапарға шықпас бұрын есірткі қолданған. Бұл туралы polisia.kz сайты жазады.
Бес жолаушысы бар Toyota Alphard маркалы автокөлікті тәртіп сақшылары «Жақсы — Есіл-Бұзылық» автожолында тоқтатқан. Ол мобильді қосымшаны пайдалана отырып, елордадан Қостанайға жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқаны анықталды.
Құқық бұзушы кезекті рейсін жасар алдында марихуана есірткісін пайдаланған. Осылайша ол бес жолаушының өміріне қауіп төндірген.
Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттамалар толтырды. Такси жүргізушісі 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Полицейлер жолаушыларды жақын маңдағы теміржол вокзалына жеткізді.
Todayinfo.kz"Астана-Қостанай" тасжолында есірткі шегіп алып, жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды
Елордадан Қостанайға жолаушы апара жатқан жүргізуші сапарға шықпас бұрын есірткі қолданған. Бұл туралы polisia.kz сайты жазады. Бес жолаушысы бар Toyota Alphard маркалы автокөлікті тәртіп сақшылары «Жақсы — Есіл-Бұзылық» автожолында тоқтатқан. Ол мобильді қосымшан

Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·