Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада -22 градус аяз, Шымкентте +13 градус жылы: Үш қаланың ауа райы

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада аяз күшейсе, Алматы мен Шымкентте көктемдегідей күн жылынады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Астанада -22 градус аяз, Шымкентте +13 градус жылы: Үш қаланың ауа райы

Қазақстанның ірі қалаларында алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді: елордада аяз күшейсе, оңтүстік өңірлерде көктем лебі сезіледі, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Астана қаласы бойынша:

31 қаңтарда елордада қар жауып, ауа температурасы түнде -20...-22°С, күндіз -7...-9°С болады. 1 ақпанда жауын-шашын тоқтап, түнде -15...-17°С, күндіз -3...-5°С-қа дейін жылынады. Ал 2 ақпанда қайтадан қар жауып, бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -15...-17°С, күндіз -8...-10°С аралығында болады.

Алматы қаласы бойынша:

Оңтүстік астанада алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең қаланы тұман басады. 31 қаңтарда ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +2...+4°С болса, 1 ақпанда күндіз +3...+5°С-қа дейін көтеріледі. 2 ақпанда күн одан әрі жылынып, күндіз термометр бағанасы +5...+7°С көрсетеді.

Шымкент қаласы бойынша:

Шымкентте алдағы күндері жауын-шашынды болады. 31 қаңтарда қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +7...+9°С болады. 1-2 ақпан күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +4...+6°С, ал күндіз +11...+13°С-қа дейін жетеді.

Related

Астанада -22 градус аяз, Шымкентте +13 градус жылы: Үш қаланың ауа райы · Todayinfo