Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада -23° аяз: үш ірі мегаполистегі ауа райы

«Қазгидромет» Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. Елордада аяз күрт жылымықпен алмасады.

By Мұхтар Жексенбай··2 min read
Астанада -23° аяз: үш ірі мегаполистегі ауа райы
Фото: istockphoto.com «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентке арналған алдағы үш күннің ауа райы болжамын ұсынды. Елордада қатты аяздан кейін күн күрт жылынады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Астанада 8 ақпанда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде -21-23°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз -7-9°С болады. Алайда 9 ақпаннан бастап оңтүстіктен соққан жел күшейіп (15-20 м/с), қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Күн бірден +1°С-қа дейін жылынады. 10 ақпанда да осындай құбылмалы ауа райы сақталып, температура 0°С шамасында болады. Алматыда 8 ақпанға қараған түні қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде -2-4°С, күндіз +1+3°С болады. Ал 9 және 10 ақпан күндері жауын-шашынсыз, ашық ауа райы орнайды. Ауа температурасы түнде 0...+3°С болса, күндіз +7...+10°С-қа дейін көтеріліп, нағыз көктем шуағы сезіледі. Шымкентте алдағы күндері жылы ауа райы сақталады. 8 ақпанда жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа +12+14°С-қа дейін жылиды. 9 ақпанда күн бұзылып, жаңбыр жауады, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз +14+16°С болады. 10 ақпанда да жаңбыр жауып, күндізгі температура +10+12°С-қа дейін сәл төмендейді.

Related

Астанада -23° аяз: үш ірі мегаполистегі ауа райы · Todayinfo