Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада 8-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті: ІІМ пікір білдірді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болған оқиғаны растады. "Оқиға кеше болды. Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркедік. Қазір тергеуді бастадық және оның нәтижесі бойынша ғана қорытынды жасай аламыз. Дәл қазір оқиғаның себептері туралы нақты айт

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астанада 8-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті: ІІМ пікір білдірді
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болған оқиғаны растады.
"Оқиға кеше болды. Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркедік. Қазір тергеуді бастадық және оның нәтижесі бойынша ғана қорытынды жасай аламыз. Дәл қазір оқиғаның себептері туралы нақты айта алмаймын, бұл үшін қажетті зерттеулер мен сараптамалар қажет", – деді Марат Қожаев.
 
Еске салсақ, Астанада №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы білім ордасының 4-қабатынан секіріп кеткенін жазған болатынбыз. Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем оқиға орнына дереу шақырылған. Бала ауруханада жатыр.
"Жәбірленушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған", - делінген хабарламада.
 
 

Related

Астанада 8-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті: ІІМ пікір білдірді · Todayinfo