Астанада автобус паркінің 7 лауазым иесі жауапкершілікке тартылды
Астанада «Автобус» алдын алу іс-шарасы кезінде 667 автобустың қызметі тексерілді, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Тексерудің нәтижесі бойынша автобус парктерінің 7 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге 127 әкімшілік бұзушылық анықталды. Жолауш

Астанада «Автобус» алдын алу іс-шарасы кезінде 667 автобустың қызметі тексерілді, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Тексерудің нәтижесі бойынша автобус парктерінің 7 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге 127 әкімшілік бұзушылық анықталды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 8 адамның автобусты рұқсатсыз қайта жабдықтағаны анықталды.
Сондай-ақ 33 адамның телефонға қарап, қоғамдық көлікті жүргізгені белгілі болды. 32 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған. Бұған қоса күндізгі уақытта полицейлер «Шевроле Кобальт» маркалы такси жүргізушісін тоқтатып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша хаттама толтырған.
Related

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

News
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·