"№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне 2013 жылы туған бала бастың самай бөлігіндегі жарақатына шағымданып келді. Қарап, тексергенде соғылған-нүктелі жара анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық", - делінген ведомство хабарламасында.Сондай-ақ бала хирургтың амбулаторлық бақылауына жіберіліп, тиісті ұсыныстар берілгені атап өтілді. Бүгін жергілікті полиция осы оқиғаны негізге алып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс салдарына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Астанада баланың үстіне үйдің қасбеті опырылып түсті (ВИДЕО)
Желіде Есілдің сол жағалауындағы Sat City тұрғын үй кешенінің кіреберісінде баланың басына үйдің қасбеті опырылып түскені туралы видео тарады. Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың қазіргі жағдайын айтты. Видеодан үстіне үйдің қасбеті құлаған баланың со

Желіде Есілдің сол жағалауындағы Sat City тұрғын үй кешенінің кіреберісінде баланың басына үйдің қасбеті опырылып түскені туралы видео тарады. Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың қазіргі жағдайын айтты.
Видеодан үстіне үйдің қасбеті құлаған баланың соңынан ересек адамның шыққанын көруге болады. Қуанышқа орай, қасбеттің бар салмағымен түсуіне кіреберіс күнқағары тосқауыл болған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жайттың бір күн бұрын, яғни 12 мамырда болғанын хабарлады.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·