Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада үйдің шатырынан 20 жыл іздеуде жүрген адам табылды

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астанада үйдің шатырынан 20 жыл іздеуде жүрген адам табылды
Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

 

Related

Астанада үйдің шатырынан 20 жыл іздеуде жүрген адам табылды · Todayinfo