«Шарада әйелдерге кәсіпкерлікті дамытудың түрлі жоллдары, бейімделудің және қазіргі қоғамға сай шешім қабылдай білудің маңыздылығы, сондай-ақ табысты адамдардың қызмет жолы көрсетіледі», - дейді форум ұйымдастырушылары.
Астанада “UMAI” кәсіпкер әйелдер қауымдастығының форумы өтті
Астанада 500-ден астам әйел кәсіпкер қатысып жатқан “UMAI” кәсіпкер әйелдер қауымдастығының форумы өтті, деп хабарлайды Todayinfo . Мақсаты әйелдерге Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті дамыту және өз идеяларын іске асыруға көмектесу, сондай-ақ әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін және

Астанада 500-ден астам әйел кәсіпкер қатысып жатқан “UMAI” кәсіпкер әйелдер қауымдастығының форумы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
Мақсаты әйелдерге Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті дамыту және өз идеяларын іске асыруға көмектесу, сондай-ақ әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін және табысын арттыру.
Форумға спикер ретінде танымал тұлғалар – тележүргізушілер Санди Сұлтан және Майя Бекбаева, параспортшы, IT-маман және ынталандырушы спикер Айсұлу Сүлейменова, кәсіпкер, CEO және Smartestprep стартапының негізін қалаушы Лаура Вайгорова, кәсіпкер және маркетингтік агенттіктің негізін қалаушы Элла Макатова, CEO Red Point Kazakhstan негізін қалаушы, «Уақыт әміршісі» кітабының және «Ақылды адамдар» подкастының авторы Әсел Қожақова қатысып жатыр.
Форум кезінде Қазақстан кәсіпкер әйелдерінің өздері жасаған тауарларынан «Анам жасады» деген атпен көрме ұйымдастырылады. Көрме қазақстандық кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін өткізіледі.
Related

News
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

News
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

News
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

News
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·