Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанадағы форум: этномәдени бірлестіктер халықты референдумға шақырды

Астанада өткен форумда еліміздегі этномәдени бірлестіктер Жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдап, қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырды.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Астанадағы форум: этномәдени бірлестіктер халықты референдумға шақырды

Астанада еліміздегі этномәдени бірлестіктер бас қосып, Жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Достық үйінде өткен «Жаңа Конституция – әділетті және прогрессивті Қазақстанның берік негізі» атты форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Парламент депутаттары, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен бірлестік белсенділері жиналды. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен Достық үйлері онлайн форматта қосылды.

Жиынға қатысушылар жаңартылған Негізгі заңның мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Олардың пікірінше, бұл құжат қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға септігін тигізеді.

Форумда 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ерекше назар аударылды. Этномәдени бірлестіктердің басшылары бұл қадам Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды кезең болатынын айтты.

"Біз Мемлекет басшысының реформаларын және Жаңа Конституция жобасын толық қолдаймыз. Барша отандасты 15 наурызда өтетін референдумға белсене қатысып, тарихи таңдау жасауға және азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз", - деді форумға қатысушылар бірлескен үндеуінде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қоғаммен ашық диалогты қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Астанадағы форум: этномәдени бірлестіктер халықты референдумға шақырды · Todayinfo