Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанадағы Кенесары хан ескерткіші қиратылмақ

Астана қаласының мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін 2024-2025 жылдары қайта жаңарту жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.  Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астанадағы Кенесары хан ескерткіші қиратылмақ
Астана қаласының мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін 2024-2025 жылдары қайта жаңарту жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.  Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан апатты деп танылған. Оның іргетасының құлау қаупі бар.
- Нысанды бөлшектеу биылғы қараша айында басталады. Жаңартылғаннан кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады, - делінген хабарламада.
Жаңарту мына жұмыстарды орындауды қамтиды:
    • мүсінді бөлшектеу және оны кейін қалпына келтіру;
    • тұғырды және оған іргелес аумақты бөлшектеу;
    • бұрғылау үйіндісін орнату;
    • құрылымды кейін монтаждау және тұғырды қаптау материалымен әрлеу.
   

Related

Астанадағы Кенесары хан ескерткіші қиратылмақ · Todayinfo