Астаналық қыз қонақ үйде өзімен демалған жігіттің 7,2 мың долларын ұрлап кеткен
Астанадағы кездейсоқ таныстық 21 жастағы алматылыққа 7 мың доллардан аса шығын келтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Жас жігіт түнгі көңіл көтеру мекемесінде болып, сол жерде қызбен танысқан. Алғашқы таныстық жастарды жақындастырғаны соншалық, олар басқа барда көңіл көтеруді

Астанадағы кездейсоқ таныстық 21 жастағы алматылыққа 7 мың доллардан аса шығын келтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас жігіт түнгі көңіл көтеру мекемесінде болып, сол жерде қызбен танысқан. Алғашқы таныстық жастарды жақындастырғаны соншалық, олар басқа барда көңіл көтеруді жалғастырып, соңында қонақ үйге барған.
Жігіт қызға байқаусызда сөмкесіндегі 10 мың долларын көрсеткен. Содан кейін ол қонақ үй бөлмесінде ұйықтап қалғаннан кейін қыз 7 200 долларын алып, кетіп қалған. Оянған соң көлік сатып алуды жоспарлаған қаражатының жоғалғанын білген жігіт бірден полицияға хабарласқан.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы қызды бір тәулік ішінде анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қыз кінәсін мойындады.
Полиция қаражаттың бір бөлігін тәркіледі.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·