Todayinfo.kz
NewsView all articles

Назарбаевты қайтарып, патша қылсақ: кәсіпкер блогер референдумға кеткен қаржыға қатысты ренішін айтты (ВИДЕО)

Блогер, кәсіпкер Айнұр Асанберді референдумға қатысты ойын білдіріп, әлеуметтік желіде шулы жазба қалдырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Журналист өз жазбасында өткен референдумға кеткен қаржыға назар аударып, қоғамдағы көзқарасты астарлы түрде жеткізген. Тіптен о

By Айғаным Нариманова··1 min read
Назарбаевты қайтарып, патша қылсақ: кәсіпкер блогер референдумға кеткен қаржыға қатысты ренішін айтты (ВИДЕО)

Блогер, кәсіпкер Айнұр Асанберді референдумға қатысты ойын білдіріп, әлеуметтік желіде шулы жазба қалдырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Журналист өз жазбасында өткен референдумға кеткен қаржыға назар аударып, қоғамдағы көзқарасты астарлы түрде жеткізген. Тіптен ол қазіргі билікке деген ренішін ашық айтып, Назарбаевты қайтару жайлы да ойын жасырмаған.

«Өткендегі Жаңа Конституцияны сайлауға (сайлау емес, референдум -ред) 20 млрд теңге құртыппыз. 20 млрд дегенді оқығанда төбе шашым тік тұрды, мәссаған деп. Не үшін өткіздік ол референдумды? Кімге керегі бар оның? Бәрібір білгенін жасайды ғой. Содан былай ойладым, өткендегі референдум кезінде Нұрсұлтан атамызды көрдік, бәрі сағынып қалыпты ол кісіні. Сол кісіні қайтара салып, патша қыла салсақ қалай болады екен? Сонда бұлай сайлау, референдум деп бас ауыртпаймыз. Бәрібір біздің дауысымызды ескеріп жатқан ешкім жоқ. Сонда 20 млрд-қа 20 мектеп, 20 балабақша салатын едік, ең болмағанда әр қазақстандыққа 1 млрд-тан берсе де артық болмас. Қалай ойлайсыз?», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл пікірге бірден назар аударып, қызу талқылауға кірісті. Көпшілік журналистің жазбасын қолдап, қоғамдағы өзекті мәселелерді батыр жеткізгенін атап өтті.

Алайда оның бұл жазбасын хайп, атын шығару деп бағалаушылар да бар. Айнұр Асанберді қалталы кәсіпкер. Соңғы кездері жеке ютуб канал ашып, сұхбаттар жүргізіп келеді.

@ainur_asanberdiСарказм😄♬ оригинальный звук - ainuri

Related

Назарбаевты қайтарып, патша қылсақ: кәсіпкер блогер референдумға кеткен қаржыға қатысты ренішін айтты (ВИДЕО) · Todayinfo