Ақмола облысында Атбасар қаласындағы колонияда азаптау фактісі бойынша қаралған іс алқабилердің ақтау үкімімен аяқталды. Сот айып тағылған 12 қызметкерді кінәсіз деп таныды.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды. Істі Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты алқабилердің қатысуымен қараған. Тергеу нұсқасы бойынша, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкері Атбасардағы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға «рұқсат етілмеген ықпал ету әдістерін» қолданды деп күдікке ілінген. Айыптау ҚР ҚК 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (азаптау) бойынша қойылған.Атбасар колониясындағы азаптау ісі: алқабилер 12 қызметкерді толық ақтап шығарды
Ақмола облысында алқабилер Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша ҚАЖК-нің 12 қызметкерін кінәсіз деп таныды.

Related

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

News
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·