Балық шаруашылығы кәсіпорындары Жайық пен Қиғаш өзені бойында, Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігінде, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік-шығыс бөлігінде балық аулайды.– Өткен жылы облыста 15 570 тонна балық ауланды. Оның 9 700 тоннасы өңделіп, 3 310 тоннаға жуығы Ресей, Әзірбайжан, Украина, Грузия және Германияға экспортталды. Сонымен қатар тауарлы балық өсіру бағыты да қарқынды дамып келеді. Бүгінде өңірдегі 5 балық өсіру мекемесінің барлығы Атырау қаласында шоғырланған. Бұл өндіріс пен экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Бекзат Сәрсенғали.
Атырау облысында жылдық қуаттылығы 130 тонна балық өсіру зауыты іске қосылады
Махамбет ауданы, Құрманғазы ауданы және Жылыой ауданында 2026–2028 жылдары балық шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Соның ішінде биыл Махамбет ауданында «А-Дана» шару

Махамбет ауданы, Құрманғазы ауданы және Жылыой ауданында 2026–2028 жылдары балық шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Соның ішінде биыл Махамбет ауданында «А-Дана» шаруа қожалығының жылдық қуаттылығы 15 млн дана бекіре шабағын өсіруге арналған зауытының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар жылдық өндірістік қуаты 130 тонна болатын тауарлы балық өсіру жобасын іске қосу көзделген, - деп Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қазір өңірде 18 балық шаруашылығы субъектісіне 31 учаске бекітілген. Қосымша 27 учаске резервте тұр.
Related

Atyrau Region
Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
Жаннұр Еділбаева·

Atyrau Region
Атырауда ауқымды «ШеберFEST - 2026» атты Халықаралық фестиваль өтеді
Todayinfo редакциясы·

Atyrau Region
Atyrau Commemorates Victory Day: Wreaths Laid at the Eternal Flame
Todayinfo редакциясы·

Atyrau Region
Kenjebai Madenov Awarded "Halyk Kaharmany" Title: Solemn Welcome in Atyrau
Todayinfo редакциясы·