Атырау облысында тас жолда болған апатта төрт адам тірідей өртеніп кетті
Атырау облысында жеңіл көлік апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиғадан екі сағат бұрын дәл осы Daewoo Nexia жүргізушісіне жолда сақ болу туралы ескерту жасалған еді. Атырау полициясының дерегінше, 26 қазанда таңғы сағат 04:00 шамасында Атырау – Орал тас жолында Атырау

Атырау облысында жеңіл көлік апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиғадан екі сағат бұрын дәл осы Daewoo Nexia жүргізушісіне жолда сақ болу туралы ескерту жасалған еді.
Атырау полициясының дерегінше, 26 қазанда таңғы сағат 04:00 шамасында Атырау – Орал тас жолында Атырау облысы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ресейлік нөмірі бар Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, түнгі уақытта ерекше сақтықты сақтау қажет екені ескертілген.
Өкінішке қарай, екі сағаттан кейін сол жолда 38 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал көлік өртеніп кетті.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда экскаватор 16 жастағы мопед жолаушысын басып өлтіргенін жаздық. Алғабас ықшамауданындағы Доспанова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 15 жастағы мопед айдаған жасөспірім қатар келе жатқан “Chevrolet” көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан мопед аударылып қалды. Ал оның жол жиегіне құлаған 16 жастағы жолаушысын экскаватор басып кетті.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·