Атырау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды. Шабақтардың қатты ыдырауына байланысты балықтың қырылу себептерін анықтау үшін сынама алу мүмкін болмады. Көктемгі су тасқыны салдарынан Жем өзені арнасынан асып, шабақтар өзен суымен таяз ойықтарға жиналған. Балық шабақтары қырылуының болжамды себебі – суда оттегінің жетіспеушілігі. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, қырылған балық шабақтарын жинау бойынша жұмыс жүргізілді."Комиссия шабақтардың қырылған жеріне барды. Мәлімет расталды. Жиналған шабақтардың салмағы – 127 килограмм", – деп қосты ведомство.
Атырау облысында балық қырылып жатыр
Атырау облысында суда оттегінің жетіспеушілігінен мөңке балықтарының шабақтары қырылды, деп хабарлайды Todayinfo. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына Атырау облысының Жылыой ауданындағы «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырының 64-ші және 72-ші шақырымы

Атырау облысында суда оттегінің жетіспеушілігінен мөңке балықтарының шабақтары қырылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына Атырау облысының Жылыой ауданындағы «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбырының 64-ші және 72-ші шақырымында балықтың қырылуы туралы ақпарат түсті. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе) қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Related

News
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·

News
Чего ждать от решения Нацбанка 5 июня – мнения экспертов
Жаннұр Еділбаева·

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·