Todayinfo.kz
NewsView all articles

Атырау облысында Индерборға бұрылатын жолды тасқын су шайып кетті

Атырау-Орал трассасынан Индерборға бұрылатын 7 шақырым жолды тасқын су шайып кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Видеоны «Жол спасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филилалы жүктеді. Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың айтуынша, 8 мамырдан бері аталған ж

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Атырау облысында Индерборға бұрылатын жолды тасқын су шайып кетті
Атырау-Орал трассасынан Индерборға бұрылатын 7 шақырым жолды тасқын су шайып кетті.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Видеоны «Жол спасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филилалы жүктеді.

Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың айтуынша, 8 мамырдан бері аталған жол бөлігінің жиегіне топырақ төгіліп, бөгет тұрғызылған. Алайда, Жайық өзенінен сай-жыраларға шыққан судың ағысын тоқтату мүмкін болмаған.

«Бүгін, 13 мамырда сағат 09.45-те сайларға жиналған тасқын су Индербор кентіне баратын жолдың 3-5-шақырым аралығына шығып кетті. Осы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Орал қаласына баратын автокөлік жүргізушілері үшін Махамбет ауылы арқылы өтетін балама жол бар», - деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=bgjiTWcPytw[/embed]

Related

Атырау облысында Индерборға бұрылатын жолды тасқын су шайып кетті · Todayinfo