Todayinfo.kz
NewsView all articles

Атырауда әйелді пышақтаған ер адам іздестіріліп жатыр

Облыстық ПД мәліметінше, ер адам мен әйел азаматтық некеде болған. Қазір шабуылдаған адам іздестіріліп жатыр. "9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жек

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Атырауда әйелді пышақтаған ер адам іздестіріліп жатыр
Облыстық ПД мәліметінше, ер адам мен әйел азаматтық некеде болған. Қазір шабуылдаған адам іздестіріліп жатыр.
"9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті мен жәбірленушінің азаматтық некеде тұрғаны анықталды", - делінген Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адамның әйелді пышақтағаны видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.   

Related

Атырауда әйелді пышақтаған ер адам іздестіріліп жатыр · Todayinfo