Todayinfo.kz
NewsView all articles

Атырауда дронға ұқсайтын нысан құлады: полиция тексеруді бастап кетті

Атырау облысында елді мекеннен тыс жерден ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшегіне ұқсайтын белгісіз нысан табылды. Полиция тексеру бастады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Атырауда дронға ұқсайтын нысан құлады: полиция тексеруді бастап кетті

Атырау облысында елді мекеннен тыс аумақтан ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) бөлшегіне ұқсайтын белгісіз нысан табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жұмбақ нысан далалық жерге құлаған. Оның қайдан ұшып келгені және не мақсатта қолданылғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен видеолар желіде қызу талқыланып жатыр.

Облыстық Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Табылған нысан бойынша құзырлы органдармен бірлесіп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан елді мекендерден тыс жерге құлаған", - делінген хабарламада.

Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша жарияланатын болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Атырауда дронға ұқсайтын нысан құлады: полиция тексеруді бастап кетті · Todayinfo