Атыраудағы жоғалған отбасы туралы ақпарат таратқан хакер Түркияда ұсталды
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы туралы әлеуметтік желіде ақпарат таратқан күдікті Түркия аумағында ұсталды. Прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта полиция департаментінің Тергеу басқармасында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша бірнеше қылмыстық іс қаралып жа

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы туралы әлеуметтік желіде ақпарат таратқан күдікті Түркия аумағында ұсталды.
Прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта полиция департаментінің Тергеу басқармасында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша бірнеше қылмыстық іс қаралып жатыр.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті Ж.Н. әртүрлі сылтауларды пайдаланып, азаматтардың ақшасын иемденген. Ол адамдарға инвестиция арқылы табыс табуға көмектесетінін айтып, IT саласында оқыту, бұғатталған аккаунттарды ашу, қаржыны шығарып беру және техника сату сияқты қызметтерді ұсынған.
Осы тәсіл арқылы күдікті жәбірленушілердің сеніміне кіріп, бірнеше эпизод бойынша 13,7 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталған.
Құзырлы органдардың мәліметінше, ұсталған азамат Қазақстанға экстрадицияланып, тергеу амалдары жалғасады.
Related

News
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·

News
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

News
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·