Аулаға көмген: Атырауда жоғалған Наурыз бен Мейрамгүлдің мүрделерін Индонезиядан жеткізілген қашқындар көрсетті
Атырау қаласының іргесіндегі Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының тұрғындары, көптен бері іздеуде жүрген Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері табылды. Желтоқсан айынан бері хабар-ошарсыз кеткен бауырларды іздеу жұмыстары осы уақытқа дейін нәтиже бермей келген еді. Алайда іс бойын

Атырау қаласының іргесіндегі Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының тұрғындары, көптен бері іздеуде жүрген Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері табылды.
Желтоқсан айынан бері хабар-ошарсыз кеткен бауырларды іздеу жұмыстары осы уақытқа дейін нәтиже бермей келген еді. Алайда іс бойынша басты күдікті ретінде қарастырылған Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаян ұсталып, елге жеткізілгеннен кейін жағдай өзгерді.
Тергеу барысында Сұлтан Сәрсемәлиев оларды өлтіргенін мойындап, мәйіттерді бұрын өзі жалдап тұрған үйдің ауласына көміп тастағанын айтқан.
Осы мәлімдемеден соң Атырау сақшылары көрсетілген мекенжайға барып, қазу жұмыстарын жүргізді. Марқұмдардың денелері сол жерден табылды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Фото: ІІМ
Related

News
Бас прокуратура сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібін түсіндірді
Айғаным Нариманова·

News
Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Айғаным Нариманова·

News
«Жауапты біреу айтып тұрды»: Депутаттыққа үміткер Аша Матайға қатысты видео тарады (ВИДЕО)
Айғаным Нариманова·

News
Незаконная добыча недр и нарушения миграционного законодательства: в Туркестанской области выявили 12 иностранцев
Жаннұр Еділбаева·