Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген, Азамат Қапенов ұзақ үнсіздіктен кейін алғаш рет көпшілікке үн қатты. Қазір Қырғызстан аумағында жүргені айтылатын ол әлеуметтік желіде видео жариялап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі
Қапенов Instagram-парақшасында Қазақстаннан ақша ұрлап, шетелге қашып кеткені туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, ата-анасына тиесілі «Евротрансгрупп» компаниясы Достық станциясында Орталық Азиядағы ең ірі логистикалық порттың құрылысымен айналысып жатыр.
«Маған “Қазақстанда ақша ұрлап, Қырғызстанда жасырынып жүр” деген пікірлер жазылып жатыр. Бұл — шындыққа жанаспайды. Айына бір миллион доллар кіргізіп түр. Соған талсты, ол менің ата-анамның бизнесі. Бұл 2022 жылы салынған, ол кезде Мәсімов қамауда», — деді ол видеода.
Еске салайық, Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі Азамат Қапеновке халықаралық іздеу жариялаған. Сот оны сырттай қамауға санкция берген.
Тергеу мәліметінше, «ҚазТемірТранс» компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасары болған Қапенов қызметтік өкілетін пайдаланып, өзіне жақын компанияларға заңсыз артықшылық жасаған деген күдікке ілінген. Іс жүк вагондары нарығындағы преференциялармен байланысты.
📷 Instagram: https://www.instagram.com/reel/DYTvtIBI9hI/




