Әнші Сейфуллин Жолбарыс Oilau YouTube арнасына берген сұхбаында жеке өмірі туралы алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұрынғы жұбайымен үш жыл бұрын ресми түрде ажырасқанын растады. Дегенмен, ортақ балаларының болашағы үшін арадағы сыйластықты сақтап, маңызды сәттерде бірге болуға тырысатынын жеткізді.
Сондай-ақ әнші әке болудың үлкен жауапкершілік екенін айтып, ұлының өнерге ерте жастан қызыққанын бөлісті. Оның сөзінше, ұлы 10 жасынан бастап гитарада ойнап, бүгінде осы бағытта білім алып жүр. Тіпті өз әндерін де жаза бастаған. Әкесі оған бағыт-бағдар беріп, концерттерге бірге ертіп жүреді. Алайда шығармашылық жолды таңдау – ұлының өз шешімі екенін атап өтті.




