Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бабамыздың ізі қалған қасиетті орын»: Марат Сұлтанғазиев халықпен бірге Іле өзенінің жағасын тазалауға шықты

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Алматы облысында «Ескерткіш — ел тарихы» атты кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Шараның негізгі алаңы — Іле өзенінің бойындағы тарихи орын, Көшпенділер қала

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Бабамыздың ізі қалған қасиетті орын»: Марат Сұлтанғазиев халықпен бірге Іле өзенінің жағасын тазалауға шықты

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Алматы облысында «Ескерткіш — ел тарихы» атты кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Шараның негізгі алаңы — Іле өзенінің бойындағы тарихи орын, Көшпенділер қалашығы болды. Игі бастама «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында өтті.

Облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұраның 152 нысанында тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияға 10 мыңнан астам адам — мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жастар және жергілікті тұрғындар атсалысты.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев шараның символдық мәніне ерекше тоқталды:

«Экологиялық акцияның дәл Ескерткіштер күні Іле жағасында өтуі — ерекше мағынаға ие. Бұл мекен — ата-бабаларымыздың ізі қалған қасиетті орын. Оны сақтау — баршамыздың ортақ парызымыз. «Таза Қазақстан» жобасы аясында облыстың 373 елді мекені жұмылып, 55 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Бұл — болашақ ұрпақтың саулығы мен табиғаттың әл-ауқаты үшін жасалған маңызды қадам», — деді өңір басшысы.

Осындай бастамалар өңірде игі дәстүрге айналып келеді. Олар қоғамда табиғат пен тарихи мұраға деген құрметті арттырып, ұлттың рухани байлығын ұлықтауға сеп болуда.

Related

«Бабамыздың ізі қалған қасиетті орын»: Марат Сұлтанғазиев халықпен бірге Іле өзенінің жағасын тазалауға шықты · Todayinfo