Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, әнші Мөлдір Мұқанова жаңа көлік алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі отбасы үшін қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көлікті бес баласының несібесіне балаған. Оның айтуынша, балалары бүгінде өзіне түрлі істе қолғабыс болып, әрдайым жанынан табылады.

“Бала-шағаның несібесі… Бір кездері өзіме модель, актер, актриса, стилист, көмекші, ақылшы – бәрін туып алғаныма әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын! Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, бір-ақ күн жетеді екен. Енді улап-шулап, бесеуін салып алып, жақсы жерлерге барамыз!” – деп жазған ол.