Todayinfo.kz
NewsView all articles

Балаева: Министрлік Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді ерекше назарда ұстап отыр

 Фото: facebook.com/aqparatqogam/ Қазақстандағы бірнеше ақпарат құралына қатысты жүріп жатқан сот процестері қоғам тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл іске, әсіресе Orda.kz пен ҚазТАГ агенттігіне қатысты дауларға ерекше назар ау

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Балаева: Министрлік Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді ерекше назарда ұстап отыр

 Фото: facebook.com/aqparatqogam/

Қазақстандағы бірнеше ақпарат құралына қатысты жүріп жатқан сот процестері қоғам тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл іске, әсіресе Orda.kz пен ҚазТАГ агенттігіне қатысты дауларға ерекше назар аударып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы министр Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. 

Министрлік дерегіне сәйкес, елдегі сөз бостандығын қорғау және медиа саласының заң талаптарына сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету – негізгі басымдықтардың бірі. Ведомство журналистердің кәсіби қызметі тексерілген дерекке, әділдікке және объективтілікке негізделуі қажет екенін атап өтті.

"Құрметті әріптестер! Бүгінде Қазақстанның медиа кеңістігінде бірнеше сот процесі өтуіне байланысты талқы жүріп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл процестерді, соның ішінде Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді ерекше назарда ұстап отыр. Біз үшін елімізде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек. Мұндай жағдайлар әрдайым медиа қауымдастықты алаңдатады. Себебі бұл сөз бостандығы мен заңды журналистік қызмет секілді аса маңызды мәселелерге тікелей қатысты. Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін. Қалай болғанда да, біз кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келеміз. Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін. Министрлік өз құзыреті шегінде журналистердің құқықығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын", - деп жазды министр.

Related

Балаева: Министрлік Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді ерекше назарда ұстап отыр · Todayinfo